31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алу күні.
Өткенсіз болашақ жоқ, сондықтан да атаулы күні қазақ халқының қорғаны болған Алаштың ұлы тұлғаларын, зиялыларын, қазақтың белгілі марғасқа азаматтарын аштық кезінде қырылған ата-бабаларымызды еске алып, олардың рухына құран бағыштау бүгінгі буынның қарызы һәм парызы.
Бұл даталы күннің ішінде қаншама қайғы-қасірет жатыр. Әр қазақтың баласы мұны білуі және ұмытпауы керек.
Осыған орай Қызылжар орталық мешітінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арналып Құран бағышталды. Имамдар мен жамағат марқұмдар үшін дұға жасады.
Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі