РАНТ МҮШЕЛЕРІ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНДА

         ҚМДБ-ның жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қайырғалиев Мақсатбек Мақсұтұлы теріскей өңірінің Ғабит Мүсірепов ауданындағы Новоишимка ауылында аудан активі және ақпараттық-насихат тобымен кездесті.

         Жиын барысында топ мүшесі РАНТ-ның басты мақсаты ислам дінінің құндылықтарын дәріптеу, халықтың діни сауаттылықтарын арттыру екендігін айта келе, деструктивті жат ағымдар мәселесіне баса назар аударды.

Содан кейін топ мүшелері «Жұманқожа» орталық аудандық мешітінің жамағатымен жүздесті.

Кездесу шеңберінде наиб имам намазхандардан оларды толғандырып жүрген мәселелер және аталмыш аудандағы діни ахуал жайлы сұрап, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

         Қасиетті жұма күні ҚМДБ жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қайырғалиев Мақсатбек Мақсұтұлы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы ЕС 164/3 түзету мекемесінде діни эстремизм жазасын өтеп жүргендермен кездесу өткізді. Топ мүшелері қатарында ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы мен Дін істері басқармасының бас маманы Омаров Болат Ербұланұлы қатысты.

Кездесу барысында наиб имам діни сауаттылығының аздығынан шалыс қадам басқан адамдардың сауалдарына жауап беріп, ғибраты мол уағыз-насихат айтты.

Түстен кейін РАНТ мүшесі «Қазақстан-Петропавл» облыстық телерадиокомпаниясының  «Иман нұры» бағдарламасында тартымды сұхбат берді.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Басты мақсат ауыл молдаларының діни сауаттылықтарын арттыру

         Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бір сұхбатта: «Қазір бізге ұлттық санасы қалыптасқан, діни білімі терең, интеллектуалы жоғары заманауи имамдар қажет», – деп атап өткен болатын.

Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласының «Қызылжар» орталық мешітінде ауыл молдаларына арналған бір айлық курс ашылғаны белгілі.

Курстардың басты мақсаты молдалардың біліктіліктерін арттыру болып саналады.

Қасиетті жұма күні  молдалардың үшінші тобы бір айлық оқуды аяқтап, сертификаттарға ие болды.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲