Дайындық ауылында Мәуліт мерекесі тойланды

 Аққайың ауданының Дайындық ауылында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ның туылған күні – Мәуліт мерекесі өткізілді. Аталмыш шараға ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы мен мешіттің наиб имамы Алыпқашев Аян Болатұлы қатысты.

         Мәуліт мерекесі барысында бас имам мен наиб имам ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2014 жыл «Дін және дәстүр» жылы болып жарияланғанын айта келе, жамағатқа мүфти хазіреттің «Дін мен дәстүр» және «Таным тұғыры» атты кітаптарды тегін таратты.

Сонымен қатар, халыққа тартымды уағыз-насихат айтылды.

Айта кетерлік жайт, Аллаһ елшісі (с.а.у.)-ға мадақ пен салауат айту күнін өткізуде  «Дайындық» ЖШС-нің басшысы Шәймерденов Біржан Әбділманұлы қолдау көрсетті.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲