Оқушылармен кездесу өтті

Петропавл қалалық «Нұр» мешітінің наиб имамы Наржігітов Зиятбек Ахметұлы Ж.Тәшенов атындағы №20-шы орта мектебінің 9-шы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Жиын барысында «Діни экстремизм» төңірегінде сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, Ислам дінінің терроризмді лағынеттейтін дін екендігі жөнінде әңгіме өрбітті.  Кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып,  көкейлеріндегі мәселелерді ортаға салды. Осындай кездесулердің жиі болуын сұраған мектеп ұстаздары да мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

IMG_1874 (1) IMG_1883 IMG_1954

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲