«Қызылжар» орталық мешітінің 10 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

27 қазан «Қызылжар» орталық мешітінің 10 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Бұл мерейтойға Қызылжарлықтар мен қала қонақтары жиналды.

Мешіттің іргетасы 2001 жылы қаланған. Құрылыс жұмыстары «шапағат» қоғамдық қоры мен облыстың көп ұлтты халықтың қайырылымдылығы арқасында  жүргізілді.  2005 жылдың 27 қарашасында ең бірінші рет мешітке Ислам дініне сенетіндер аяқ басқан. Осы күнге орай облыста әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенова Анархан Қалиқызы  арнайы шақырылды. Мерейтой Мұхамед Кутуб имамның Құран оқуымен басталып, намазхан әжелеріміздің шашуы шашылды. «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы «Бүгін мұсылман қауымы үшін аса қуанышты күн. Осыдан 10 жыл бұрын өңіріміздің орталық мешіті ислам дінін ұстаушыларға есігін айқара ашқан болатын. Осыған орай баршаңызды Солтүстік Қазақстан облысы орталық мешітінің мерейтойымен құттықтаймын».- деп -к3л имам жиналған қауым мен қонақтарды құттықтау тілегін айтты. Мешіттің құрылысына өз үлесін қосқан азаматтар құрмет белгілерімен және алғыс хаттармен марапатталды.

DSC05402 DSC05399 DSC05382 DSC05378 DSC05393 DSC05387

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲