Өсек

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз…                                                                         Абай

Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп…

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.                                                     Махамбет Өтемісұлы

         Адам үшін өсек айтпау өте қиын мәселе. Сол үшін тілдің негізгі кесапаттарының бірі. Кейбір адамдар өсек айтпаса тұра алмайды. Бұл жайт әйел қауымына ғана қатысты емес  еркек те өсек айтуға ерекше құмар.

Бірде данышпан Сократқа оның танысы келіп:

 -Сократ, сенің шәкірттеріңнің бірі жайында не естіп келе жатқанымды білесің бе? – деп сұрапты.

 -Тоқта, депті Сократ. – Әңгімеңді жалғастырмас бұрын, саған үш сұрақ қойғым келіп тұр. Бірінші сұрақ: маған айтқалы тұрған нәрсеңнің шындық екеніне көзің жетті ме?

-Жоқ, – деп жауап беріпті танысы.

– Мен тек естідім…

-Екінші сұрақ: оқушым туралы айтқалы тұрғаның жақсы нәрсе ме?

-Жоқ, керісінше…

-Жақсы… Үшінші сұрақ: оқушым туралы айтпағың маған әлдебір пайда әкеле ме?

-Жоқ, олай емес…

-Ендеше, сенің айтқың келген сөзің ақиқатқа жанаспайтын, нашар, пайдасыз әңгімең айтуға тұрарлық па өзі? Сократтың танысы ұялғанынан үндемей қалыпты. 

Өсек жанұядан құралған қоғамды әлсіретіп, құрдымға кетіруші аса қауіпті аурудың бірі.  Өсек айтушы адам шайтанның құралы. Алла Тағала Құран Кәрімде:

إِنَّمَا يُرِيدُ الشَّيْطَانُ أَنْ يُوقِعَ بَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاءَ فِي الْخَمْرِ وَالْمَيْسِرِ وَيَصُدَّكُمْ عَنْ ذِكْرِ اللَّهِ وَعَنِ الصَّلاةِ فَهَلْ أَنْتُمْ مُنْتَهُونَ

         «Шүбәсіз, шайтан арақ-шарап (сынды адамды мас қылып ақылынан адастыратын нәрселер) Һәм құмар ойындары арқылы араларың дұшпандық пен өшпенділік отын жағуды, сендерді Алланы еске алудан һәм намаздан қақпалауды (тыюды) ғана көксейді. Ендеше, бұлардан тыйылдыңдар ғой, солай емес пе?)»[, деді.

         Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  мүбарак хадисінде:

 مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لِيَصْمُتْ

         «Аллаға және қиямет күніне иман келтірген адам тек жақсы нәрсе айтсын немесе үндемей-ақ қойсын» [,деді.

         Хадисте бізге тек жақсы нәрсені ғана айтуды бұйырады. Бір сөзді айтпас бұрын оның қаншалықты маңызды екеніне мән беруіміз керек. Имам Шафиғи: «Сөйлемес бұрын ойланғаның абзал, егер сөзіңнен пайда болса, айт. Ал егер күмәнді болса, күмән сейілгенге дейін айтушы болма», – деген. Өсек бір адамның сөзін екінші бір адамға жеткізу. Аталған сөз не хабар екі тараптың біреуі қаламаған хабар болуы тиіс. Алайда ол әңгіме пайда, ғибрат, өнеге болса, өсекке саналмайды. Егер жеткізген мәлімет біреудің айыбын ашатын болса, онда бұл ғайбатқа да, өсекке де жатады.

         Өсектің шариғаттағы үкімі – мұсылман ғалымдарымыз бір ауыздан харам деген. Өсек тасушы адам рухани науқас, тиісті емін жасамаса, қоғамның қауіпсіздігіне кесірін тигізуші адамға айналады. Ондай адаммен  бірге болудың өзі қауіпті. Алла Тағала Құран Кәрімде:

            وَإِذَا رَأَيْتَ الَّذِينَ يَخُوضُونَ فِي آيَاتِنَا فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ حَتَّىٰ يَخُوضُوا فِي حَدِيثٍ غَيْرِهِ ۚ وَإِمَّا يُنسِيَنَّكَ الشَّيْطَانُ فَلَا تَقْعُدْ بَعْدَ الذِّكْرَىٰ مَعَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ

            «Аяттарымыз жайлы мазақ пен кекесінге толы алып-қашпа әңгіме айтып отырғандарды  көрсең, олар басқа әңгімеге көшпейінше, олардан іргеңді аулақ сал. Егер шайтан саған мұны ұмыттырса, есіңе түсер-түспес ол жерден кетіп қал. Залым қауыммен бірге бір сәт те отырма»,[  – деді.

            Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  мүбәрак хадисінде:

            مَنْ رَأَى مِنْكُمْ مُنْكَرًا فَلْيُغَيِّرْهُ بِيَدِهِ , فَإِنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَبِلِسَانِهِ، فَإِنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَبِقَلْبِهِ , وَذَلِكَ أَضْعَفُ الْإيمَانِ

«Кімде-кім жеккөрінішті іс көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер шамасы келмесе, онда тілімен. Ал бұған да шамасы келмесе, онда жүрегімен өзгертсін, алайда бұл иманның әлсіздігінің белгісі»,деп, айтқан[ .

Өсекші адамның жәннатқа кірмейтіні жайында Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  былай деген:

 لا يَدْخُلُ الجَنَّةَ نَمَّامٌ 

«Өсекші жәннатқа кірмейді» [.

Алла Тағала Құран Кәрімде:

وَلَا تُطِعْ كُلَّ حَلَّافٍ مَهِينٍ . هَمَّازٍ مَشَّاءٍ بِنَمِيمٍ

«Ендеше мыналардың ешбірінің ырқына бағынба: ант бергіш қадірсіздің, өзгелерді кемсітіп, ар-намысқа тиетіннің, сөз тасығыш өсекшінің,»[ –  деді.

Өсек тасып адамдар арасына от салу  қабір азабына душар ететін үлкен күнәлардің бірі:

 رَوَى اِبْنُ عَباسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُما أَنّ رَسُولُ اللهِ صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَرَّ بِقَبْرَيْنِ فَقَالَ إنَّهُما يُعَذِّبانِ وَمَا يُعَذِّبَانِ فِي كَبِيرٍ ثُمَّ قَالَ بَلَى كَانَ أَحَدُهُما لَا يَسْتَتِرُ مِنْ بَوْلِهِ وَكَانَ الْآخَرُ يَمْشِي بِالنّمِيمَةِ

 Бірде Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  екі қабірдің қасынан өтіп бара жатып: «Расында,(мына) екеуі азапталып жатыр.(Бірақ) үлкен нәрсе үшін азапталып жатқан жоқ. (Бұл екеуін) бірі – адамдар арасында өсек таратып жүретін, ал екіншісі – зәрінен тазаланбайтын(болған)»[, – депті.

Өсекші адам әртүрлі бейнеге ене алатын хамелион секілді бір адаммен бір қалыпқа енсе, екінші бір адаммен басқа қалыпта сөйлеседі. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  бір хадисінде:

تَجِدُ مِنْ شَرِّ النَّاسِ يَوْمَ القِيَامَةِ عِنْدَ اللَّهِ ذَا الوَجْهَيْنِ، الَّذِي يَأْتِي هَؤُلاَءِ بِوَجْهٍ، وَهَؤُلاَءِ بِوَجْهٍ    

«Қиямет күні Алла тарапында жеккөрінішті адам ол екі жүзді адам біреулерге бір жүзімен келсе, енді біреулерге екінші жүзімен келеді», деген екен[.

Өсектің орын алу себептері:

  1. Өсектің үлкен күнә екендігі жайында хабарсыз болу.
  2. Жүректегі қызғаныш, көреалмаушылық.
  3. Онымен сұхабаттас болған адамдарды таң қалдыру, қызықтыру.
  4. Өзгелердің сырынан хабардар екенін көрсету арқылы басқалардан өзін жоғары қою.

Өсекті алдын алу жайында Алла Тағала:

يَا أَيُّهَا الذِينَ آمَنُوا إِنْ جَاءَكُمْ فَاسِقٌ بِنَبَأٍ فَتَبَيَّنُوا أَنْ تُصِيبُوا قَوْمًا بِجَهَالَةٍ فَتُصْبِحُوا عَلَى مَا فَعَلْتُمْ نَادِمِينَ «Уа, иман келтіргендер! Егер сендерге әлдебір күнәһар адам қандай да бір хабар жеткізсе, оның анық қанығын анықтап біліп алыңдар. Әйтпесе білместікпен әлдебір қауымның обалына қалып, артынан істеген істеріңе өкініп жүресіңдер»,–  деген.


Return to Top ▲Return to Top ▲