ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы қала аудан имам-молдаларымен кездесті. Кездесу барысында ҚМДБ-ның белгілеген төрт бағыты бойынша атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Газет журналға жазылу барысын қатаң қадағалады. Әр имам бір жылда атқарған істерінің қорытындыларын тапсырды. Сонымен қатар, аудан мешіттерінің жағдайы, құжаттардың кемшілігін толтыру мәселелесін жүктеді. Жиын соңында Өкіл имам оларға діни басқарманың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі