Облыс орталығында жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып, ҚМДБ бекіткен жылдық жоспарға сәйкес, маусым айында «Қызылжар – қазақ елінің солтүстік қақпасы» тақырыбында республикалық конференция ұйымдастыру жоспарлануда.
Басты мақсат – өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау болып табылады. Осы орайда облыстық «Қызылжар» орталық мешіті осы бағыттағы сала мамандарымен және тарихшылармен кездесу өткізді. Конференциядағы көтерілетін негізгі мәселелер:
- Ботай өркениеті – түрік қауымының мақтанышы;
- «Қызыл оба» қорымының мән-мағынасы;
- 18-ғасырға дейінгі СҚО аумағы мен тұрғындары (тарихи құжаттар негізінде);
- Қызылжардағы Абылай хан тарихы;
- СҚО жерінен шыққан зиялы қауым, дін қайраткерлері;
- «Қызылжар» медресесі;
- СҚО мешіттерінің тарихы.
Бұл және өзге де тақырыптар алда өтетін республикалық конференцияда да кеңінен көтерілетін болады.