ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫН» АРАЛАДЫ

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровпен бірге Петропавл қаласындағы «Абылай хан резиденциясын» аралап, тарихи жәдігерлермен танысты.

Орталық қызметкері ең алдымен тарихи кешендегі төрт залды жеке-жеке таныстырып, 1765 жылы салынып, кейін күрделі жөндеуден өткен ғимараттағы құнды жәдігерлерге тоқталып өтті. Көп жылдар бойы қараусыз қалып, тозығы жеткен нысан 2008 жылы қайта ашылып, ел игілігіне берілген.

Ақ үйдің алдында мүсінші Қазыбек Сатыбалдиннің қоладан құйылған «Ат үстіндегі Абылай хан» ескерткіші бар. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Ресми атауы – «Абылай хан резиденциясы». Тарихи маңызы бар резиденцияда Абылайханның өмірге келген күнінен бастап хандық құруы, жаугершілік кезең, батырлығы, ел билеуі және өмірінің соңғы сәттерінен жеткен деректер көрсетілген.

Бас мүфти нысанды аралап, танысқан соң музей қызметкерлеріне алғысын білдіріп, тілек кітабына қолтаңба қалдырды.

Return to Top ▲Return to Top ▲