КІТАП-АСЫЛ ҚАЗЫНА

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар орталық мешітінің кітапханасы жаңа кітаптармен толықты.
Кітап – адамның жан дүниесінің рухани қазынасы, асыл байлықтың өлшемі. Кітап оқу – адамның өзін тануына жол ашатын бағдаршам іспеттес. «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген Ғабит Мүсіреповтің сөзі де кез келген жанды кітаппен дос болуға шақырады. Ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітапхана құрайды. Соның ішінде адам баласының жан-дүниесін иман нұрымен сусындататын кітаптардың орны ерекше.
Биылғы Рамазан айында мешітімізге келіп түскен кітаптар оқуға жеңіл, «Қазақстандағы ислам тарихы», «Әке мен бала», «Қажылық», «Намаз», «Діни сөздердің терминологиясы» т.б. оншақты көркем-әдеби кітаптар.
Муфтият баспасынан шыққан осындай кітаптар жамағатқа кеңінен насихатталады.
Алдағы уақытта өңіріміздегі мешіттер муфтияттың төл басылымынан шыққан кітаптармен толықтырылатын болады.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲