Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде былай деді: «Менімен жетімге қамқорлық етуші адам жәннатта мына екі саусақ тәрізді жақын болады»,- деп сұқ және ортаңғы саусақтарын көрсетті. Және бір хадисінде: «Жердегілерге рақымдылық жасандар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды» деген. Осы орайда Аққайың аудандық мешіт ұжымының ұйымдастыруымен балалар күніне орай жергілікті жердің қайырымды азаматтары аудандағы жетім және мүгедек балаларға азық-түлікпен көмек көрсетті. Мешіттің наиб имамы Бейсенбаев Макен Маралұлы балаларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарды табыс етті.
Облыстық «Қызылжар» орталық
мешітінің баспасөз қызметі