«Қызылжар» орталық мешітінің және Гүлшат Жақыпбекқызы азаматшаның демеушілігімен, «Асыл ана» асырауында мүгедек балалар бар аналар қоғамдық бірлестігінен 50 шақты адамға қайырымдылық дастарқан жайылды. Адамзаттың асылы болған Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» – деген болатын. Шара барысында «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Исаев Қасымхан қонақтарға уағыз айтып, денсаулық, сабырлық турасында тілек тіледі. «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің басшысы Теңдік Сәрсекеева бұл игі шараны ұйымдастыруышыларға өз ризашылығын білдіріп, еңбектеріне береке тіледі.
«Қызылжар» орталық мешіьінің
баспасөз қызметі