Бескөлде өткізілген Мәуліт

Қызылжар аудандық «Кәусар» мешітінің ұйымдастыруымен  және Бескөл ауылының екі тұрғыны Тұрлыбек Хамитов пен Қайрат Кожамжаровтың демеушілігімен Мәуліт мерекесі аталып өтті. Оған аталмыш мешіттің  бас имамы Қадырбек Шарипов қатысып, Пайғамбарымыздың көркем мінезі, өнегелі өмірі жайында уағыз айтты. Алыс-жақын ауылдардан келген дүйім жұртқа осы ауданның найб имамы Адай Жилкайдаров пен  азаншы Әділбек Малгаждаров ата-бабаларының рухтарына Құран бағыштап, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ға салауат оқып берді. Мәуліт мерекесіне арнап мал сойылып, ас берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

SAMSUNG CAMERA PICTURES SAMSUNG CAMERA PICTURES SAMSUNG CAMERA PICTURES

Return to Top ▲Return to Top ▲