«Тауаф» қажылық фирмасының таныстырылымы өтті

Шымкент қаласы, «Мұса» салтанат сарайында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты имамдар форумында ҚМДБ тарапынан жаңадан құрылған «Тауаф» қажылық фирмасының таныстырылымы өтті.
Алғы сөзді ҚМДБ-ның Халал өнімдерін стандарттау және қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт қажы Мырзагелдиев және «Тауаф» қажылық фирмасының меңгерушісі Жандилда қажы Бекжігітовтер жан-жақты айтып, түсіндіріп берді.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен жаңадан құрылған «Тауаф» қажылық фирмасының діни һәм шариғи мәселелерінде және қызмет көрсету барысында қажыларға сапалы қызмет көрсету сынды дүниелерімен ерекшеленетін болады.
Сондай-ақ, ҚМДБ бөлім меңгерушісі тарапынан бірқатар, тапсырмалар берілді. Оның ішінде, жаңа құрылған қажылық фирмасын кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмысының жүргізілуіне атсалысу. Мұнымен қатар, әр өңірдің қалалық, аудандық мешіт жанынан қысқа мерзімді «Қажылық» курстар өткізу туралы тапсырмалар берілді.
Жаңадан құрылған қажылық фирмасына сәттілік тілейміз, құтты болғай!

IMG 2470

IMG 2474

IMG 2423

Return to Top ▲Return to Top ▲