Тайынша ауданы Тайынша қаласында 1-ақпан күні мәуліт мерекесі өтті. Бұл рухани кеште «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат, Тайынша аудандық мешітінің бас имамы Қайыргелді Руслан мәулітке келген жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Әңгімі өзегі кәзіргі уақыттағы адамдардың имандылықтан алыстап бара жатқандығы, қоғамдағы қарттар үйі, жетімдер, араққұмарлық әрекеттері сипат алып бара жатқанын тілге тиек етіп, халықты пайғамбарымыз (с.а.у) әмір еткендей мұсылмандық мінезге шақырды. Жиынға шамамен 300 адамдай қатысты.