Алматыда қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Өнер қырандары» театры ұжымы бірлесіп, «Берекелі мереке» атты рухани-патриоттық кеш өткізбекші.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, жастар жат ағымның жетегінде кетпес үшін осы жаңа жоба арқылы дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтары мен игіліктерін насихаттамақшы. Сондай-ақ, бүгінгі буынды отансүйгіштік қасиет пен бауырмалдыққа тәрбиелеуді көздеп отыр.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«Қазақстан» Ұлттық арнасы