РАМАЗАН АЙЫНДА БІРНЕШЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

ҚМДБ» Зекет және қайырымдылық» қоры әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және қоғамға пайдалы ізгі мақсаттарды жүзеге асыру жолында жұмыс жасайды.
Солтүстік Қазақстан облысы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында бірнеше қайырымды істер атқарылды.
Соның ішінде, «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша Рамазан айының 29 күнінде 29 отбасыға баспана сыйлау жоспарланған болатын. Естеріңізде болса, ең алғашқы баспана Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы Новоишимка ауылындағы мұқтаж отбасыға берілді. Бүгін де Рамазан айының 25-і күні дін қызметкерлеріне 643-баспана кілті табысталды.
Қызылжар қаласының тұрғыны Оспанов Азамат бауырымызға бауыр циррозы диагнозы қойылған. Ем барысында жұбайы Замира Самарқанқызы донор болып, трансплантация жасалды. Алдағы уақыттағы еміне «Зекет және қайырымдылық» қоры «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
«Қолдан қолға» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысынан барып білім алушы медресе мен жоғарғы оқу орнының шәкірттеріне 1,5 млн теңге көлемінде сыйақы бөлініп берілді.
Сонымен қатар «Рамазан қоржыны» атты акция ұйымдастырылып, өңіріміздегі 60 мұқтаж отбасыға азық-түлікпен толтырылған «Рамазан қоржыны» таратылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Исаев Қасымхан Абдуллаұлы алдағы уақытта да осындай ізгі қайырымдылық іс- шаралар өз жалғасын аудандарда да табады дей отырып, Алла Тағала мұқтаж жанды қуантып, садақа жасаған әрбір жанның ризығын арттырып, табысына береке берсін деген тілегін білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲