«Бұл – менің анам емес!» Талдықорған қаласындағы перинаталдық орталықта дүниеге келген қос нәресте ана сүтінен бас тартып, ақ халаттылардың айыбын әшкере етті. Артынан белгілі болғандай, перзентхана қызметкерлері босанған аналардың баласын алмастырып жіберген. Бөгденің баласы болгысы келмейтіндіктерін, жылап білдірген бөпелер, сөйтіп, дәрігерлердің қатесін бетіне басыпты. Бірақ кадрдың жетіспеушілігін сылтау еткен ақ халаттылар болса, айыптарын аса сезініп отырмаған сыңайлы. Сериалдардан ғана кездесетін тосын тағдырдан талдықорғандық сәбилерді құдай сақтап қалды. Перинаталдық орталық қызметкерлері, жас босанған аналардың нәрестелерін алмастырып жіберіпті. Перзентханадан аналарды салтанатты түрде шығарып салған медбикенің масқара қылығын, қос әлди әшкере еткен, Ана сүтінен бас тартып. Бұл сұмдықты алдымен шындықты шырылдап білдіргісі келген бөпенің бірінің әжесі аңғарған.
ЖАНАРГҮЛ, ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ӘЖЕСІ:
– Мен бірден журналистерге, полицияға және денсаулық сақтау басқармасына хабар бердім. Мұндайды кім көрген? Алғашында қатты састық. Біздің кішкентайымызды бірнеше сағаттан соң, бірақ тапты. Түскі сағат екіден, кешкі алтыға дейін жүрдік қой сенделіп. Ал, кешке менің де жас босанған қызымның да күйі келмей, жедел жәрдем қызметіне жүгіндік. «Нәби» деп есімі қойылып үлгерген немересін иіскемек болған әжесі, алдында көріп қойған қара баласының орнынан, сап-сары сәбиді көргенде, есі шығып кетіпті. Қорыққандығы соншалықты, алғашқыда қайда, кімге, не айтарын білмей, қатты сасқан. Ал, екі бірдей отбасын есеңгіретіп, балаларын алмастырып жіберген ақ халаттылар болса, кадрдың жетіспеушілігін айтып, ақталып отыр.
НАДИЯ МУСАЕВА, ТАЛДЫҚОРҒАН Қ. ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ:
-Бізде балалар ешқашан аналарынан ажыратылмайды. Бұл босанған аналар, перзентханадан шығар кезге дейін, сәбилерінің қасында болды. Әр нәрсетенің қолында, аты, салмағы, туылған уақыты мен күні жазылған биркасы болған. Олар алмасып кеткен жоқ. Тек, балалардың киімі мен сыртқы көрпесі айырбасталып кетіпті. Бұл жағдай бірден анықталып, балалар өз аналарына қайтарылды. Ал, бұл қателікке жол берген медбике, әрине, өз жазасын алды.
Бірақ, орны толмас өкінішке апаруы мүмкін қателікке жол бергендер жеңіл жазамен құтылған. Бөпелері алмасып кеткен аналардың Талдықорған қалалық ІІБ жазған шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Қылмыстық құрам жоқ, деген полиция қызметкерлері, жұмысына салғырт қараған дәрігерлерпді тек әкімшілік жауапкершілікке тартып қойған.
Ирина Советжанқызы, Әлия Ахмедиева, Айдар Қажымұратов.
31.kz