Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде жоспарлы жиналыс болып өтті

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде қала имамдарының қатысуымен жоспарлы жиналыс болып өтті.

Жиналыс басында өткен жылдың жетістіктері айтылып, атқарылған әрбір жақсы іске алғыс айтылды.

Жиынның жалпы мақсаты түсіндіріліп, келген жылдың жетістікке толы өтуіне бірқатар жоспарлар қойылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен атқарылуы тиіс бөлімдерге жауапты имамдар бекітіліп, соған сәйкес тапсырмалар берілді. Діни ағарту, уағыз-насихат, жамағатты жақсылыққа үндеудің тиімді тәсілдерін имамдар өзара ақылдасып, медиа студияны іске қосуды ұйғарды. Сауат ашу курсын бағдарламалап, шәкіртақы тағайындау мәселесі сөз болды.

Жиналыс соңы Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы бөлінген жұмысқа жауапты қызметкерлерге сәттілік тілеп, нық қадамдарымен жыл аяғы өте жақсы нәтиже көрсететіндеріне сенім білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲