КӨКТЕРЕКТЕГІ КЕЗДЕСУ

6-шы сәуір күні Уәлиханов аудандық «Қожахмет хазірет» мешітінің бас имамы бастаған бір топ діни қызметкерлер   Көктерек ауылында  болып, сол елдің жамағатымен кездесу өткізді. Онда терроризм мен экстремизм, білімсіздік адастыруға апаратыны туралы түсінік берілді. Жамағаттың сұрақтарына ауданның бас  имамы  Өсербай Абдрахманұлы жауап берді. Кездесуге аудандық «Қожахмет хазрет» мешітінің найб имамы Солтан Мұқашов , Телжан ауылының имамы  Көбеген Жүнісов және Мортық мешіті имамының міндетін уақытша атқарушы Кенес ақсақал қатысты.

 «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲