«Иман» журналының жаңа саны жарық көрді

Басылымның ақпан айындағы санында жарияланған материалдарға қысқаша шолу. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Атқарар шаруа уақыттан көп» деген мақаласымен ашылады. Оқырман «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Бәләд» сүресі, «Өнеге» айдарымен «Ғасыр мәселелерін сүннетпен шешу», «Жадыңызда жүргей» айдарымен«Ауырғанда оқылатын дұғалар», «Ұлағат» айдарымен «Өшпес өнеге иесі», «Сахих хадистер» айдарымен «Жәннатқа кіргіңіз келсе…», «Білгім келеді» айдарымен «Құран тарихы», «Зерде» айдарымен «Діни терминдер», «Хадис түсіндірмесі» айдарымен«Қарияға құрмет», «Бата» айдарымен «Шілдехана – бесік той», «Данадан үйрен» айдарымен «Ұстаз бен шәкірт», «Пікір. Ұсыныс» айдарымен «Сәләфилік – зұлмат», «Ағымдар ақиқаты» айдарымен «ИШИМ», «Зекет» айдарымен «Жақсылықтың азы болмайды» деген материалдармен таныса алады.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарық көрген. Атап айтқанда:

«Мәдениет» айдарымен «Киім кию әдептері», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Ішкілік ішуді балгер қойдыра ала ма?», «Ғибрат»айдарымен «Жетім бала асырасаң…», «Таным» айдарымен «Түс оңалмай, іс оңалмас», «Даналық» айдарымен «Хикаяттар», «Тылсым» айдарымен «Жын дегеніміз не?», «Ақырзаман белгілері» айдарымен «Түріктермен соғысу», «Салт-дәстүр»айдарымен «Киіт», «Тағылым» айдарымен «Ақмолла Мұхаммедиярұлы», «Қаз-қалпында» айдарымен «Иесін аза тұтқан ат»,«Шипа Алладан» айдарымен «Қазақ гомеопатияны біле ме?» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2017 жылға жазылу жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 16 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі айдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.

Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады. 

Ал, журналымызға «Қазпошта» АҚ арқылы жазылсаңыз, бағасы:

1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;

2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;

3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.

Бір жылға толық жазылсаңыз, басылымнан қол үзбейсіз.

 

Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.  

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда «Иман» журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498

Р\С KZ 288560000005684077

АО «Банк Центр Кредит»

БИК KCJBKZKX

KBE 17

РНН 600900658515

050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады:

8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10

muftiyat.kz сайтынан

 

Return to Top ▲Return to Top ▲