Жәнібекте діни сауат ашу орталығы ашылды (ФОТО)

Қасиетті жұмада Жәнібек ауданында орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абдугалиев, жеке кәсіпкер, иманды азаматтар Ескендір, Есқайыр, Есбол Кафарұлдары, ауылдық мешіттің имам-молдалары, мекеме басшылары, мешіт жамағаты қатысты.

Іс-шара алдымен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің тілегі, діни сауат ашу орталығының ұстазы Ізбасар Мақсотов қасиетті құран кәрімді оқып, дұға жасады.

Одан кейін аудан әкімі Азамат Сафималұлы құттықтау сөзімен басталып, салтанатты шараға арнайы келген ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлына сөз алып, «Асыл дініміз бен білім» турасында уағыз айтып, жиналғандарға кеңінен түсіндірді. Атымтай жомарттық танытқан, ғимаратты толықтай бітіріп берген Кафарұлдары Ескендір, Есқайыр, Есбол бауырларымызға шексіз ризашылығын білдіріп, «Алғыс» хатпен марапаттады. Мешіт жамағаты арасынан Бауыржан Сабановта Есқайыр бауырымызға игі тілегін айтып, қасиетті құран мен бағалы сыйлықты табыстады.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы мен жеке кәсіпкер, иманды азамат Есқайыр Кафарұлы ғимараттың лентасын қиып, орталықтың сәулетті жарасқан тыныс-тіршілігімен танысып шықты. Жәнібек аудандық мешіттің бас имамы Есенболат Абдугалиев оқу жоспарымен таныстырып, алдағы уақытта мешіт жамағатын иман нұрымен сусындатып, балаларды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында Құран әліппесі, имандылық шарттары, Ислам әдебі, Ислам дінінің бастапқы алғы шарттары оқытылатынын атап өтті.

Шара соңында ауданның ақсақалы, «Ардагер» кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев сөз алып: «Орталық мешіт қызметкерлерінің дін жолындағы атқарып жатқан тірліктеріне береке, аудан тұрғындарына Алла айнымас иман, қайырлы білім нәсіп етсін» — деп батасын берді.

Құран Кәрімнің алғашқы аяты да: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!..» («Алақ» сүресі) деп басталады және Ислам дінінде білім алу парыз. Білім алу тек ақыреттік іліммен ғана шектелу, бұл дұрыс емес. Біз ілім іздегенде екі дүниелік білімді қатар алуға ұмтылуымыз керек. Екі ілімді қатар алғанда ғана адамзаттың сауаты артатын болады. Сондықтан осы жерде біздің білікті ұстаздарымыздан алған ілімді ел игілігі үшін пайдалы болуды Алла Тағала нәсіп етсін»- деп тілейік жамағат.

Қасиетті жұмада облыс имамы Руслан қажы Тыныштықұлы мешіт жамағаттарымен жүздесіп «Жетім елге аманат» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын өткізді. Одан кейін Жәнібек аудандық ішкі істер департаментінде жүздесулермен өз жалғасын тапты.

 

Return to Top ▲Return to Top ▲