Жыл басы—Мұхаррам айының жұлдызы тууына байланысты «Қызылжар» орталық мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.Оны өткізуге мұрындық болғандар—мешіттің намазхандары болып табылатын бірнеше адам.Шарада сөз сөйлеген ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы былай деді:
—Жыл басы болып саналатын Мұхаррам—қасиетті төрт айдың бірі.Хадисте айтылғанындай,Мұхаррам айында ұстаған ораза—Рамазан айында ұсталған оразадан кейінгі орындағы ең сауабы мол ораза.
«Қызылжар» мешітінің
баспасөз қызметі.