Жараталысқа мейірімділік көрсету

Аса Рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Жаратушы жаббар иеміз қасиетті құран-кәрімде жиі-жиі кешірімшілдігіне, мейірімділігіне қатысты көптеген сипаттарын атап көрсеткен. Тіпті «рақымдыларлың ең рақымдысы» екендігін, рақымдылығының барша нәрсені қамтығандығын айтады. Он сегіз мың ғаламдағы күллі рақымдылықтың көрінісі Хақ Тағаладан шексіз рақымдылығынан бастау алады.

  1. ҚҰРАН АЯТТАРЫ:

Бірінші аят:

لَقَدْ جَاءَكُمْ رَسُولٌ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُم بِالْمُؤْمِنِينَ رَءُوفٌ رَّحِيمٌ

«Сендерге өз араларыңнан бір пайғамбар келді. Сендер бір қиындыққа ұшырасаңдар оған ауыр тиеді. Сендерді өте жақсы көреді. Мұсылмандардың бәріне тегіс мейірімді әрі рақымды»1.

Екінші аят:

فَبِمَا رَحْمَةٍ مِّنَ اللَّهِ لِنتَ لَهُمْ ۖ وَلَوْ كُنتَ فَظًّا غَلِيظَ الْقَلْبِ لَانفَضُّوا مِنْ حَوْلِكَ

«(Ей, Мұхаммад!) Өзіңе Алла берген мейірімге орай сен де адамдарға сыпайы, жұмсақ қарым-қатынас көрсеттің. Егер сен дөрекі, жүрегін қатыгез болғанда, олар сенің маңыңнан безіп кеткен болар еді»2.

Үшінші аят:

وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ

«Біз сені ғаламға тек қана рақым етіп жібердік»3

Төртінші аят:

وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ

«Өзіңе ерген мұсылмандарға мейірім құшағынды аш»4

___________________                                                        

1 «Тәубе» сүресі,128-аят.

2 «Әл-Имран сүресі,159-аят».

3 «Әмбия» сүресі, 107-аят.

4 «Әмбия» сүресі, 107-аят.

  • ХАДИСТЕР:

Бірінші хадис:


إِنِّي لَمْ أُبْعَثْ لَعَّانًا، وَإِنَّمَا بُعِثْتُ رَحْمَةً

«Мен азап үшін емес, рақым үшін жіберілдім,»5 деген .

     Екінші хадис:


عَنْ جَرِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رضي الله عنه قَالَ:قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم :((لَا يَرْحَمُ اللَّهُ مَنْ لَا يَرْحَمُ النَّاسَ)).

«Адамдарға мейірімді бола білмеген кісіге, Алла Тағала да мейірімділік танытпайды» 6.

Үшінші хадис:


عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ»:الْمُسْلِمُ أَخُو الْمُسْلِمِ لَا يَظْلِمُهُ وَلَا يَخْذُلُهُ وَلَا يَحْقِرُهُ التَّقْوَى هَاهُنَا» وَيُشِيرُ إِلَى صَدْرِهِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، «بِحَسْبِ امْرِئٍ مِن الشَّرِّ أَنْ يَحْقِرَ أَخَاهُ الْمُسْلِمَ كُلُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ حَرَامٌ دَمُهُ وَمَالُهُ وَعِرْضُهُ).

«Мұсылман мұсылманның бауыры. Сондықтан оған қатысты зұлымдық жасамайды, көмектесуден бас тарпайды және оны өзінен төмен санап қорламайды. Тақуалық мына жерде деп, кеудесіндегі жүрегінің орналасқан жеріне үш мәрте меңзеді. Адам баласы мұсылман бауырын қорлайтын болса, Алла Тағаланың алдында үлкен күнә жасаған болып табылады. Кез-келген мұсылманға, басқа бір мұсылманның жанына, мал-мүлкіне және ар-намысына зиян тигізуге болмайды (харам)»7.

Төртінші хадис:

النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم قَالَ‏:‏ (لَيْسَ مِنَّا مَنْ لَمْ يَرْحَمْ صَغِيرَنَا وَيَعْرِفْ شَرفَ كَبِيرِنَا)

«Кішілерге ізет және үлкендерге құрмет көрсете алмаған адам бізден емес» 8.

Бесінші хадис:

قال النبي صلى الله عليه وسلم: )إِنَّ اللَّهَ قَسَمَ بَيْنَكُمْ أَخْلاقَكُمْ كَمَا قَسَمَ بَيْنَكُمْ أَرْزَاقَكُمْ وَإِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يُعْطِي الدُّنْيَا مَنْ يُحِبُّ وَمَنْ لا يُحِبُّ وَلا يُعْطِي الدِّينَ إِلا لِمَنْ أَحَبَّ فَمَنْ أَعْطَاهُ اللَّهُ الدِّينَ فَقَدْ أَحَبَّهُ …

Расында, Алла Тағала сендердің өз араларыңдағы ризық-несібені қалай бөлген болса, мінез-құлықтарыңды да сендерге дәл солай бөліп берген болатын. Шынында, Құдретті де Ұлы Алла дүниедегі байлық-несібені сүйетін құлына да және сүймейтін пендесіне де береді. Алайда дінін тек, жақсы көретін құлына ғана береді. Ал кімге, Алла Тағала дінін берген болса, демек оны жақсы көргендігі»9. 

_________________    

5 Муслим хадис жинағынан.

6 Бухари хадис жинағынан.

7 Муслим хадистер жинағынан.

8 Тирмизи хадистер жинағы.

9 Ахмад, Хиббан хадистер жинағынан.

  • ІЗГІЛЕРДІҢ ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРІ:

Хазірет Омар (р.а.): «Мейірімділік қана бойға үнемі қуат береді».  Омар (р.а.): «Сүйген … қалайша мейірімділік көрсетсе, сендер де оған мейірімділік көрсетіңдер.

  • ҒИБРАТТЫ ҚИССАЛАР:

Бір бәдауи пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) балаларды сүйіп жатқандығын көріп, таң қалып: «Демек, сен балаларды сүйеді екенсің ғой. Ал біз, ақиқатына жүгінсек оларды еш сүймейміз»,-деді. Бәдауиге жаны ашып, қараған пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Аллаһ Тағала сенің жүрегіңнен мейірімді алып қойса, мен не қылмақпын?!».

Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы Зейнептің өлім тырнағына ілігіп, жанталасып жатқан баласын көргенде, көңілі босап жылаған еді. Мұны байқап қалған сахабалар таңданыстарын жасыра алмай: «Сізде жылайсыз ба?,-деп сұрады. Аллаһ елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл бір мейірім көрінісі. Аллаһ Тағала оны құлдарының жүрегіне салады. Хақ Тағала тек мейірімді құлдарына ғана мейірімділік танытады»,-деп жауап берді. Әбу Усайд (р.а) Бахрейннен әкелген тұтқындармен бірге Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құзырына келген еді. Аллаһ елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір тұтқын әйелдің жылап тұрғанын байқап қалды.

Оған: «Неге жылап тұрсың?»,-деп сұрады.

Әйел: «Мына кісі ұлымды сатып жіберді»,-деді.

Аллаһ елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу Усайдқа қарап: «Мына әйелдің ұлын сатып жібердің бе?»,-деп сұрады.

Әбу Усайд: «Иә!»,-деп жауап берді.

«Кімге саттың?»,-деп сауал қойды.

Ол: «Абс руының кісілеріне»,-деп жауап берді.

Пайғамбарымыз  (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабасына қарап: «Көлігіңе мін. Барып мына әйелдің ұлын алып кел»,-деп әмір етті.

Хазіреті Омар былай деп хикая етеді.

Бір күні Аллаһ елшісіне (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тұтқындар әкелінді. Бір қарасақ тұтқындардың ішінен бір әйел аласұрып, жоғалған баласын іздеп жүр. Тұтқындардың арасынан сәби көрсе дереу оны кеудесіне қысып, емізіп жатты. Аллаһ елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мына әйел баласын отқа тастайды деп ойласыңдар ма?,-деп бізден сұрады. Біз: «Жоқ. Уаллаһи отқа тастамайды»,-деп жауап бердік. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мінекей Аллаһ Тағала, мына әйелдің баласына деген мейірімінен, аса мейірімді»,-деді.

Мұсылмандар тіпті қас жаулары болған Аллаһтың құлдарына рақымдылық пен мейірімділік танытқан. Мусғап ибн Умайырдың бауыры Әбу Ғазиз Бәдірде мүшріктердің туын ұстаған еді. Соғыста мүшріктер жеңіліп, ол қолға түсті. Әбу Ғазиз тұтқындық өмірін, мұсылмандардан көрген мейірімділік пен рақымдылықты былай деп баяндайды.

«Бәдір соғысында мен тұтқынға түсіп, Ансардың бір топ кісісінің қарауына берілген едім. Бәдірден қайтқанымызда, олар маған таңертеңгі және кешкі аста нанын маған тарту етіп, өздері кепкен құрманы жейтұғын. Өйткені Аллаһ елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге, яғни тұтқындарға жақсы мәміле жасауларын өсиет еткен еді. Олардың біріне қолына нанның бір тілімі тисе, дереу маған әкеліп беретін. Мен қатты қысылып, ұялып нан тілімін олардың кез-келген біреуіне қайтып беретінмін. Бірақ ол нан тілімін маған қайта беріп, қол тигізбейтін.

  • НАҚЫЛ СӨЗДЕР МЕН МАҚАЛ МАТЕЛДЕР:

Көз жасы – әлсіздіктің белгісі емес. Бұл адам жаны мен жүрегі бар екенінің дәлелі.

Адамның қатал болу себебі – оның бойындағы мейірімділікті кейбіреулер әлсіздік деп түсінуінен.

Сөзіңді түзесең әдетіңе айналады,

Әдетіңді түзесең мінезіңе айналады.

Мінезің, ол сенің тағдырың. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

«Мейірімді болыңыз, өйткені сіз кездестіргендердің бәрі неғұрлым қиын соғысады». – (Платон)

Білімдінің сөзі — ем,

Мейірімі көп, өзі кең! (Мағжан Жұмабаев)

  • ҚОҒАМҒА, АДАМҒА ПАЙДАСЫ:

Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады. (Шәкәрім Құдайбердіұлы).

    Не дер екен мейірімі мол кісі:

Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.

Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –

Дәулет болар алсаң соның ақылын.

Мейірімнен шынайы леп еседі,

Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі. (Жүсіп Баласағұни).

  • ТАРИХИ ДЕРЕК:

Омар (р.а.) былай дейді: «Мекке алынған күні Пайғамбарымыз Сафуан ибн Умәйя, Әбу Суфиян ибнХарб және Харис ибн Хишамды өзіне шақыртты.   Мен:«Аллаһ тағала бізге зор мүмкіндік берді, сірә, бұлардыңжасап келген қиянаты үшін өш алмай қоймаспыз»,– деп ойладым.

 Алла расулы оларға: «Сендер менменің жағдайым Жүсіп пайғамбар мен бауырларының жағдайына ұқсайды. Оның бауырларына дегеніндеймен де: «Бүгін сендерді айыптамаймын. Жазғырмаймында. Мен кешірдім, Аллаһ та сендерді кешірсін. ӨйткеніАллаһ мейірімділердің ең мейірімдісі деймін» – деді.

Омар (р.а.) айтады: «Мұны естігенде, әлгіндегідей ашулы ойға барғаным үшін Пайғамбарымызданұялдым».

Әбу Һұрайра бұл туралы былай дейді: «Мекке алынғаннан кейін, Аллаһ расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Қағбаға барып, есіктің екі жақтауынан ұстап тұрып:«Мені сендерге не істейді деп ойлайсыңдар?» депсұрады. Олар:«Сен бауырымыздың баласысың, өте мейірімді,қайырымды жансың», – деп, осы сөздерін үш ретқайталады. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Менде Жүсіп пайғамбардың бауырларын кінәламағанындай сендерді бүгін жазғырып, кінәламаймын. Алла Тағала сендерді кешірсін, Ол қайырымдылардың ең қайырымдысы. Барлығың азатсыңдар», – деді.

  • УАҒЫЗДАН АЛЫНАТЫН ҒИБРАТТАР:
  • Мейірімділік-Алла Тағаланың бізгі берген сыйы. Оған шүкір етіп, қолдан келгенше жаратылысқа мейірімділікті көрсету қажет.
  • Сараңдықтан тыйады.
  • Қамқорлыққа және жанашырлыққа үйретеді.
  • Адамдар арасында қарым-қатынасты орнатады.
  • Пенденің жүрегіне тыныштық орнатады.
  • Жаратушының алдында адамның жүзін жарық етеді.
  •  ДҰҒА:

Раббың бір Өзіне ғана құлшылық етуді, ата-анаға барынша жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, (оларды ауырсынып немесе жақтырмаған сыңай танытып) тіпті «Түу!» деп те кеюші болма, сондай-ақ оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт!

Олардың алдында барынша мейірімді, мейілінше кішіпейіл әрі тіл алғыш бол! Һәм олар үшін: «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей көр» – Әумин!10

10 «Исра» сүресі, 23-24-аят.

Return to Top ▲Return to Top ▲