Ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен кездесу

         Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Абдақасов Петропавл қаласындағы Достық үйінде ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен кездесу өткізді.

         Кездесу барысында халықтың діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында аталмыш топтың атқарылатын жұмыстары әңгіме өзегіне айналды. АНТ өкілдерінің айтуынша, осындай шаралардың маңызы зор.

Сонымен қатар, шараға қатысқан топ мүшелері жат ағымдар мәселесі туралы сөз қозғады.

Шара соңында Ерлан Сатыбайұлы өңіріміздегі діни ахуал тұрақты деңгейде екеніне тоқталып, АНТ өкілдеріне жұртшылықтың діни  сауаттылықтарын арттыруға бағытталған жұмыстардың қарқынын үдете түсудің қажеттілігін атап көрсетті. Оның айтуына қарағанда, мұндай кездесулер алдағы уақытта өзінің жалғасын табатын болады.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲