Облыс орталығындағы ауған диаспорасы өкілдерінің саны саусақтай ғана. Өзгеше киімдерімен көзге түспей қоймайтын олар дінге берік. Бес уақытын қаза қылмайтын олар көбіне-көп «Қызылжар» орталық мешітінде бастарын сәждеге тигізуге ынталы.
ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы игі лебізін білдіріп, сауабы сансыз Рамазан айы туралы уағыз айтты.