Өңіріміздегі сан жағынан ең көп диаспораларың бірі – тәжіктер. Сонау 90 жылдардан бері өңір тұрғындарымен бірге түтін түтетіп келе жатқан тәжіктер дінге де берік. Мешітіміз ұйымдастырған шараларға олар белсене қатысады.
Міне осындай белсенділік жексенбі күні мешітімізде өткізілген ауызашар барысында айқын аңғарылды. Оған жиналған жұртшылық бір емес, екі асхананы толтырды. Нәтижесінде 400-дей адамға ауызашар берілді.
Ауызашарда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай тәжік диаспорасының белсенділігіне алғысын білдірді. Ауызашарға қатысқан Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов ұлтаралық татулыққа қомақты үлес қосып жүрген тәжік диаспорасы туралы жылы лебіз білдірді. Сондай-ақ ауызашарға қатысқан бүкіл диаспоралардың жетекшілері ақ тілектерін білдірді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі