Алматы қаласында «Уақып» қорының алғашқы дүкені ашылды

Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты «Орбита» мешітінің аумағынан тұрғызылған «Happy cake» дүкені «Уақып» қорының атына аударылып, қордың алғашқы желілік дүкені ретінде ашылғанын хабарлайды діни басқарманың ресvи сайты muftyat.kz.

         «Уақып» қорының алғашқы дүкенінің ашылу салтанатына осы қордың басқарма төрағасы Ардақ Оразбаев пен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысқан. Ардақ Нүсіпханұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, сауапты амалға атсалысқан, әкелерінің атынан дүкен ашып, «Уақып» қорына тапсырған ағайынды Ербол және Асхат Жүсіпбекұлдарына алғысын білдірді. Сонымен қатар алдағы уақытта «Happy cake» дүкені табысының 2% мөлшері «Уақып» қорына аударылып отырады.

<div class="clearfix"></div>
Return to Top ▲Return to Top ▲