«Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді қазақ. Әсіресе, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналар арасында құрсағындан тезірек құтылуға асыққандар жетерлік. Әлемде 80 мил. астам әйел жоспарланбаған жүктілік проблемасына душар болып соның 20 мил. Жасанды түсік жасатады екен. Ал Қ.Р. денсаулық сақтау министірінің мәліметіне сүйенсек, қазақстанда 2006 жылы 13 мың, ал 2007 жылы 133 мың жасанды түсік жасалған. Бұл ресми тіркелген дерек, тіркелмегенін есептей беріңіз…
Ең сорақысы сол, Алматы қаласының емханаларында жасанды түсіктің бағасы 3 мың теңге, жеке ауруханаларда 5 мың теңге. Бүгінде бұл әрекетке некеге тұрмаған қыз- келіншектер, некедегі әйелдер де жиі баруда.Бала бойға біткен заматтан ол тірі жан иесі. Құрсақта жыбырлап қозғала бастайды. Денеге біткен шарана операция кезінде жанталасып пышақтан қашады екен. Осының өзі адам жүрегіне қатты батады емес пе?.
Түсік жасату- адам өлтіргенмен пара-пар, демек қылмыс. Дін тұрғысынан алсаңыз да, баланы алдыртып тастау –үлкен күнә болып саналады. Әлемдердің Рббысы әрбір адамды ерекше етіп жаратты. Әрқайсысымыздың есебіміз бар екені ақиқат. Жаратушымыздың кереметтерінің бірі сол-алғашқы жатырға түскен күннен бастап, біздің кім болатынымыз белгіленіп қойылады екен. Аллаһ тағала Құранда « Әрине біз сенедрді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан кейін ұйылған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе текетеріңді білу үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалған мерзімге дейін қойып қоямыз» (« Хаж» сүресі, 5-аят). Расында да бүкіл әлем « Жасанды түсік» дейтін үлкен қасіреттен құтыла алмай отыр. Дінімізден бейхабар. Көпшілігі балаларын бағып- қаға алмаймыз, үйім- күйім жоқ деп бала асыраудан қашатын жағдайлар да кездеседі. Бірақ оларды ризықтандыратын Жаратқан ием екенін білмейді. Құран Кәрімде: «Жарлықтан балаларыңызды өлтірмеңдер.Сендерді, оларды біз ризықтандырамыз» («Әнғам» сүресі, 151- аят).
Ал 17- 18 жас аралығында алғаш рет «Шалыс» қадамға барған қыздардың 70 пайызы бала көтеру қабілетінен айырылады. Тіпті көтергенннің өзінде кемтар сәби өмірге келетіні ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне қарасақ, жасанды түсік тастап, кейін тұрмыс құрған қыздар отбасын сақтай алмайды. Ұрыс- керіс, ақыр аяғында ажырасу. Осының бәрі бір түсіктің кесірінен екені сөзсіз. Осы аралықта қаншама қарадомалақтар жасанды түсіктің құрбаны болды. Кім біледі , егер бала алдырту деген пәленің тамырына ертерек балта шапқанымызда бүгінде бүгінде қазақ 66% емес, 80-90 % болар ма еді?.
Аналарымыз тек балаларын өлтіріп қана қоймай, сонымен қатар өз ағзасынада орасан зор зиян келтіреді:
– Емшек безі рагына ұшырайды. Кәрі құрлықтағы әр 100 мың әйелдің 70 осы жазылмас дертке ұшырайды екен. Ал мұсылман мемлекеті болып есептелетін Өзбекстанда 100 мың әйелге 18-ден келеді. Өйткені, өзбектерге қарағанда Еуропада, жасанды түсік бірнеше есе көп жасалады. Мальколь Пайк деген ғалым емшек безінің рагының пайда болуын анықтау мақсатында 12 жыл бойы әйелдерге тәжірибе жүргізеді.Тәжірибеден анықталғандай, айықпас дерттің негізгі себепкері жасанды түсік екеніне көз жеткізеді.
– Іш тастау ( бала тастау) қауіпі артады.
– Уақытынан бұрын босану.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Неке қидырып үйленіңдер, перзентті болып көбейіңдер. Әрине, мен сендердің көптіктеріңді қиямет күні басқа үмбетімнің алдында мақтаныш етемін» -деп өсиет еткен. Әрине балалар біздің болашағымыз. Әйтсе де, осы болашақтан бас тартқандар көбейді. Бұдан бас тартудың өзі надандық. Өз ішіндегі жүрегі соғып тұрған тірі жанды қалай өлтіруге болады. Ол үшін қатыгез, тас жүректі адам болу керек шығар. Ана болу кез- келген қыздың бойына беріле бермейтін қасиет. Егер сол мүмкіндікке ие болсаң оны қолыңнан тайдырма. Бойыңа біткен нәрестені аман- есен дүниеге әкелуге мақсат ет.
Осы келтірілген қасиетті аяттар мен өмірде болып жатқан жайттарды алға тартып отырып, біз бүгінде балиғат жасқа толған қазақтың жас қыздарын, ертеңгі болашақ аналарды осындай қателіктерді жасамаса екен деп Ұллы Алланың құзырына жүгінеміз. Әрбір қыз бала босағадан аттап, үлкен өмірдің есігін ашқанда, қоғамның бір мүшесіне айналып, азамат атанғанда дана қазақтың «Қызға қырық жерден тыйым» деген астарлы сөзін жадынан шығармағаны дұрыс-ау.
Ажар Қожамұлова