Әңгіме арқауы – арулар

«Қызылжар» облыстық мешітінің «Әжелер мектебінің» өкілдері өңір орталығындағы қазақ мектеп-гимназиясында «Қыз – ұлт мақтанышы» деген тақырыпта дөңгелек үстел басында кездесу өткізді. Оған   мектеп және колледждің бір топ оқушылары қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында қыз тәрбиесінің сан сапалы мәселелері қозғалды. Сәлима қажы Бейсенбаева, Сапура қажы Әміреқызы бұл жөнінде баса айтты. Мектеп оқушылары болса ән салды, күй күмбірлетті.

Кездесудің танымдық сипатына тоқталатын болсақ, мәселен, ою оюдың жай-жапсары көрсетілді. Ал, Халида қажы қалай ұйықтау қажеттігін де егжей-тегжейлі айтты.

Шара соңында қатысқан оқушыларға «Берекелі мереке – 3» рухани патриоттық кешіне билет таратылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc04268 dsc04276 dsc04299 dsc04312 dsc04378 dsc04391 dsc04397 dsc04425 dsc04429

Return to Top ▲Return to Top ▲