Қызылжар Наурызды қарсы алды

Биылғы Наурыз Қызылжар өңірінде барынша ауқымды түрде атап өтілді. Қаланың қақ ортасында тігілген киіз үйлер тұтас бір ауылды елестеткендей болды. Солардың бірінде дін қызметкерлері де жыл басын қарсы алды. Онда өңірдегі ислам, православие және католик діндерінің басшылары тоғысты. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай онда жиналғандарды Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтады. Өзге діндердің өкілдері де лебіздерін білдірді. Сөйтіп Наурыз бірліктің мейрамы екендігі паш етілді.

Мейрам барысында төл салт-дәстүрлерді айғақтайтын ұлттық ойындар ойналды.

Жылдағы дәстүр бойынша «Қызылжар» мешітінің өзінде де күн ұзақ келімді-кетімді кісілерге наурыз көже ғана емес, басқа да тағамдар ұсынылды. Бұл күні Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов те мешітке арнайы келіп, жиналған жамағатты Наурыз мейрамымен құттықтады.

Бұл күні «Қызылжар» мешітінің жамағатына жайылған дастарханнан келушілер толассыз дәм татумен болды.

dsc03319 dsc03363 dsc03332 dsc03399 dsc03394

img-20170322-wa0049 img-20170322-wa0050 img-20170322-wa0034 img-20170322-wa0035 img-20170322-wa0040

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲