ҚМДБ делегациясы ИСАМ орталығында

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасымен Түркия Республикасында іссапармен жүрген ҚМДБ-ның діни оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Шәмшәдин Керім, «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының директоры Алау Әділбаев ТР Дін Істер Басқармасына қарасты ИСАМ («Ислам араштырмалары марказы» яғни, «ислам ғылыми зерттеу орталығы») басшыларымен кездесті.  Бұл ғылыми зерттеу орталығы Түркия Дін Істер Басқармасының жанынан құрылған. Ислам және түркі дүниесінің діни мұраларының мол қоры осы орталықта сақталған. Орталықтың бай кітапхана қоры бар. Орталықта Түркияның ең беделді профессор, докторлары жалпы саны 150 ғалым қызмет жасайды екен. Бұған қоса, шет елден білікті мамандар да ғылыми жұмыстарға тартылған. Бұл ғылими зерттеу орталығынан қырық төрт томдық ислам энциклопедиясы жарық көріпті. Бұл энциклопедияның толық жинағы Елшілік тарапынан ҚМДБ-ға тарту етілген еді. Орталықта діни ғылымдармен шұғылдануға ерекше көңіл бөлінеді. Делегация мүшелерінің бұл орталыққа келу мақсаты көп жылдардан бері қалыптасқан мол тәжірибелерін үйреніп, болашақта ҚМДБ-ның бастамасымен еліміз үшін ислам ғылымдары мен мәдениетінің дамуына үлес қосар осындай зерттеу институтын ашу. Осы мақсатта аталмыш орталықпен Нұр-Мүбарак университеті жанынан құрылған «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығы тығыз жұмыс жасауға қатысты келіссөздер жүргізілді. ИСАМ басшылығы өте жылы қабылдап, Қазақстандағы ғылыми орталықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниет білдіріп, орталыққа қолдау көрсететіндіктерін және қолдарынан келгенше көмек беретінін жеткізді.

Сонымен қатар, делегеция мүшелері әлемдік бес жүз атақты университеттер қатарына кіретін Стамбул университеті басшыларымен кездесіп, Нұр-Мүбарак университетімен өзара әріптестікке қол жеткізілді. Осы іс сапар барысында Түркиядағы ең беделді үш университет қатарына кіретін Мармара университеті басшыларымен де кездесу өтті. Делегация мүшелері аталмыш университет басшыларына Бас мүфтидің сәлемдемесін жеткізіп, Қазақстандағы діни оқу орындар туралы және осы күнге дейін дін саласында жеткен жетістіктер туралы ой бөлісті. Өз кезегінде университет басшылығы Мармара университеті туралы әңгімелеп берді. Бұл университеттің он алты факультетінде сексен үш мың студент білім алады екен. Оның ішінде үш мыңға жуық студент шет елдерден келген. Бұл университетте әр түрлі салада екі жүзге жуық қазақстандық студент оқып жатқандықтарын олардың бесеуі исламтану факультетінде білім алатындықтарын жеткізді. Мармара университетімен де өзара әріптестік орнатуға қол жеткізіліп, меморандумға қол қойылды.

muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲