«Тазалық – иманнан»

23-Сәуір калалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен кезекті сенбілік өтті. «Тазалық – иманнан» деген xадисті ескере отырып, сенбілік тазалыққа мешіт жамағаты ат салысты. Қай-қайсысы да мұндай іс-шараларға белсене қатысуға әзір екендіктерін айтты. Күнді текке өткізбей, мешіт алаңының тазалығына кішкентай болса да үлес қосқандарына риза болды. Іс-шара мешіттің маңын тазалыққа келтіріп, ағаш көшеттер отырғызу мақсатында жүргізілді. Сенбілік кезінде  аулалар және іргелес аумақтар тазаланды.
Алдағы уақытта бұл шара жалғасын таппақ.

IMG_0294  IMG_0291

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲