«Сауапты іс адамның жүзіне сәуле,жүрегіне нұр , ризалығына кеңшілік , денесіне күш куат береді. Ал күнә адам жүзін түнертіп , жүрегін қарайтып , ризығын кемітіп , денесіне дерт береді»
(Абдулла ибн Аббас)
Алла Тағала адамды жаратып, бұл өмірді пендесі үшін сынақ әлемі етіп жаратқан. Адам мен періште айырмашылығы нәпсіде екен. Нәпсісінің қалауын қадағалай білген адамға жұмақты уәде еткен , ал нәпсісін тыя алмаған жанға тозақ есігін ашатынын білеміз. Алайда мұны біле тұра, күнаға бет бұрар жағдайымыз бар. Адам баласына сауап пен күнәні ажырата алу мақсатында ой мен сана, тандау ерік берілді. Жаман жолдан сақ болып, сауап пен күнәні, харам мен халалды, суннет пен парызды ажырата білу ушін, расымен де ақирет куні болатынын түсіну үшін Пайғамбарлар жіберілді.
Кез келген амал адам баласына сауапты немесе күнәні береді. Қайсысы ақ, қайсысы қара екені мәлім. Десе де, адам шалыс баса береді. Осы екеуін таңдауда қателікке ұрынуын тоқтатпайды. Мұның себебі неде? Неге адам жұртты алдап, қалтасын қағып алу күнә екенін біле тұра, ешбір қайыры жоқ арам табыстың соңына түседі? Неліктен намаз бен ораза жақсылыққа жетелейтінін біле тұра, үнемі сылтау іздейді?
Адам
ата мен әзәзіл қиссасында малғұн шайтан қиямет күніне дейін уақыт сұрап тұрып:
«Сонан соң оларға қарсы алдынан келемін, арқа тұсынан келемін, оң жағынан келіп
азғырамын және сол тұсынан келіп азғырамын. Олардың көбін шүкір етушілерден
таппайсың», – деп адамзатты қияметке дейін азғыруын доғармайтынын айтып ант
етеді. Шайтан адамға сауап іске келгенде жасама демейді.
Мұндай іске дайындық керек, бастаған соң үздік етіп жаса, әйтпесе обалына
қаласың. Сондықтан зейнеткерлікке шық, ұлыңды ұяға, қызыңды қияға қондыр. Міне,
сол кезде жан рақатымен құлшылық етесің. Сауаптың көкесін сен жасайсың, – деп
алдаусыратады. Күнәға келгенде: Сенің ешбір шараң болмай тұрғанын білесің. Қала
берсе, жұрт мұнан да зорын жасап жүр. Оның қасында сенікі түкке тұрғысыз.
Әйтпесе, сен ең адал жанның бірі емессің бе?! – деп жұбатады. Әзәзіл шайтанның
бұл әдісі жайлы Құран Кәрімде: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да
арсыздыққа үндейді…», – деп түсіндіреді.
Түйіндей
келе, табиғин Мұғазұлы Яхияның мынадай ғажайып бір сөзін айтқым келеді: Байғұс
адам баласы тозақтан (күнә атауынан) кедейліктен қорыққандай жиіркенсе,
екеуінен де (күнә мен кедейліктен) құтылатын еді. Ал, жәннатқа (сауап іске)
байлыққа талпынғандай ұмтылса екеуіне де (жәннат пен байлыққа) қол жеткізер
еді». Ғұлама адамның болмысын ашуда. Біз үшін кедейліктен жаманы жоқ. Ал,
байлық бар жоспарымызды жүзеге асыратын құрал іспетті. Демек, күнәға –
кедейлік, сауапқа – байлық деген көзқарас қалыптастыру арқылы бұл мәселені
біршама шешуге болады.