Рухани тәлімі мол кездесу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы мен мешіттің наиб имамы Алыпқашев Аян қалалық

№ 20 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Бүгінгі күні жастардың дінге деген кызығушылықтарын ескере отырып, облыс имамы теріс пікірде жазылған интернет сайттарынан, кітапшалардан, т.б. сенімсіз дереккөздерден оқып-үйрену – олардың діни ілімдеріне, психикалық ой-өрісіне, сана-сезіміне әсер етіп, ұлттық рухани бағытта өсіп-өркендеуіне кедергі келтіретінін баса айтты.

Рухани сауаты жоғары, білімді жастарымызды көбейту үшін ұлттық рухымыздың мәйегі Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп сынды ғұламалардың жазған еңбектерін кеңінен пайдалануымыз керек. Осылайша,  жас ұрпаққа үлгі-өнеге, тура жол көрсетіп, ел тізгінін қолына алар жастарымыздың көздері ашық, көкірегі ояу болуын қамтамасыз ете аламыз.

Асыл дініміздің құндылықтары мен қазақы салт-дәстүрлеріміз  кеңінен сөз болған кездесуге жиналған мектеп оқушылары көп мағлұмат алды деп есептейміз. Себебі, кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын имамға жолдап, тұшымды жауап алды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲