Рамзан Қадыров отставкаға кетіп, әйгілі мешітті қорғауға дайын екенін мәлімдеді

Шешенстан президенті Рамзан Кадыров отставкаға кетіп, Иерусалимге барып әл-Ақса мешітін қорғауға дайын деп жазады Oxu.az ақпарат көзі.

Израиль билігі әл-Ақса мешітіне кіретін қақпаға металл іздейтін детекторлар мен бейне бақылау орнатқаннан кейін Рамзан Кадыров өзінің Telegram парақшасына: «Мен қазір өзіме жүктелген жұмыстың барлыған тастап, әлем мұсылмандарына қасиетті орын әл-Ақса мешітін қорғауға дайынмын», – деп жазған.

Ол бұдан бөлек халықаралық терроризммен күрес мұсылмандарға қарсы қолданылатын саяси құрал болып кетпеу керектігін айтқан.

Return to Top ▲Return to Top ▲