Мешіт құжаттары – жауапкершіліктің айнасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша  ҚМДБ-ның іс басқарушысы Ербосын Орын мен басқарманың мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов облысымызға іссапарамен келіп, өңір мешіттерінің құжаттарын сараптады.

Бұл шара аудан имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында «Қызылжар» орталық мешітінде өткізілген екі күндік семинар шеңберінде ұйымдастырылды.

Аталмыш шарада аудандардағы мешіттерінің құжаттарының жай-жапсары пысықталды. ҚМДБ-ның өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы бұл мәселенің мүлтіксіз болуын қатты қадағалады.

Семинарда «Заманауи ақида мәселелері» көбірек әңгіме болады. Бұл жөнінде Кенжетай қажы Байкемелұлы дүйсенбіде де, сейсенбіде де дәріс оқыды. Ал «Мұхсин» мешітінің бас имамы Абылай Құрсақов халал стандартына қатысты әңгіме қозғады. Келесі күні мешіт ұстазы Хамзат Әділбеков дәріс оқыды. Ол ислам тарихына қатысты кеңінен баяндады. Сондай-ақ хадис ілімі туралы айтып берді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20161010-wa0020 img-20161010-wa0012img-20161011-wa0055  img-20161010-wa0001img-20161010-wa0021 img-20161011-wa0053

Return to Top ▲Return to Top ▲