Мәулітке жастар ат салысты.

 

СҚО Уалиханов ауданында Ақтүесай ауылында ауыл молдасы Шайсултанов Х.Ш. ұйымдастыруымен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күніне арналып мәуліт мерекесі өтті. Мерекеге аудан әкімінің бірінші орынбасары Б.С Хасенеев, аудан имамы Шакенов Үсербай Абдрахманұлы, Кішкенекөл ауыл молдасы Мукашов Сортан  қатысты. Құран оқумен басталған мерекені, аудан әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Хасенеев құттықтау сөзімен жалғастырды. Аудан имамы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өнегелі өмірінен уағыз айтып, салауат оқыды. Бір топ мектеп оқушылары Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис-шариф насихаттан шағын концерт көрсетумен жалғасты. Спорт ойындары аиап айтсақ, тоғыз құмалақ, шашки, волейбол, көкпар ұйымдастырылды. Женіпаздар және демеушілер шағын концертті ұйымдастырған, әсіресе Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадис-шарифін жаттап насихаттаған, ұл-қыздарымыз бәрі алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Безымянный 1 Безымянный 2 Безымянный 4 Безымянный 5 Безымянный 6 Безымянный 7 Безымянный 8 Безымянный 9 Безымянный

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲