بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!
Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабында қайтыс болған кісіні жоқтап, өкiрiп жылау – харам, қатты дауыс көтермей жылауға болады. Мәйіттің бар жақсылығын санамалап, өксіп, бетiн тырнап, киiмiн жыртып, немесе шашын жұлып шариғатқа қайшы сөздер айтып жылауға болмайды. Өйткенi Пайғамбарымыз (с.ғ.с) имам әл-Бухари мен Муслим (р.а.) риуаят еткен хадис шәріпiнде:
“Бiреу қайтыс болғанда бетiн ұрғылап, тырнап, үстiндегi киiмiн жыртып және надандарша айқайлап жылаған адам бiзден емес”, – деген.