Келелі кездесу

Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні №2 Әбу Досмағанбетов атындағы дарынды балаларға арналған мектепте «Қыз өссе-елдің көркі» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға қалалық «Мухсин» мешітінің бас имамы Абылай Құрмашұлы мен облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан ашылған «Қариялар мектебінің»  өкілдері қатысты. Қазақ салт дәстүріндегі ата бабамыздың  қыз балаға деген ұлағатты дана сөздері, тәрбиелеудегі үлкен өмірлік қағидаттары айтылды. Сұрақ-жауап түрінде өткен жиын қызықты да әсерлі болды.

Return to Top ▲Return to Top ▲