Жамбылдықтар Мәулітке жиналды

Екі-үш айдан бері өңірімізде өткізіліп келе жатқан Мәуліт Жамбыл ауданында да атап өтілді. Алдымен аят оқылғаннан кейін «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммад-Құтб Файзиев ҚМДБ-ның өкіл имамының атынан құттықтады.Одан кейін аудандық мәслихат хатшысы Балтабай Әбілұлы мерекелік лебізін арнады. «Қызылжар» мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков уағыз айтты. Сосын салауат айтылды. Ал ауданның өнерпаздары үлкен концерт бере білді. Аудандық мешіттің бас имамы Ғабит Блисов  келген жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, уағыз айтты.

Мәуліт соңында ас беріліп, уағыз айтылды. Тіпті, жиналғандардың сұрақтарына да жауап қайтарылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc_3642

dsc_3637 dsc_3638

dsc_3658  dsc_3663 dsc_3649 dsc_3668 dsc_3717

Return to Top ▲Return to Top ▲