Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы 2020-жылды еріктілер жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты еліміздің әр өңірінде түрлі салаларда еріктілер бекітіліп, түрлі игі шаралар орындалуда. Соның бірі болып СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің жастары жамағатынан «еріктілер» тобы құрылды. Аталмыш топ биылғы жылға жоспар құрып, игі мақсаттарға қол жеткізу ниеттенді.