Бас имам кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында «Нұр Отан» партиясының аудандық ғимаратының конференция залында, аудан халқы мен қарттары аудандық Қайрош ата мешітінің бас имамы Сағынай қажы Рахымжанмен кездесу өткізді. Жиын барысында дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды еңсеру жолдары талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық келбеті», «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты маңызды құжаттар туралы ақпарат таратылды. Аталмыш шарада жастарға ислам діні – бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын пәк дін екенін атап өтіп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің және білім алудың пайдасы сияқты өзекті мәселелер жан-жақты насихатталды.

Сонымен алдымыздағы 19 ақпанда Астана қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайында тұңғыш Республикалық Имамдар Форумы өтпекші.

Әйгерім ОМАРОВА,

«Жастар бастамалары орталығы» КММ кеңесшісі

DSC_58471.jpg (640×426) DSC_5842.jpg (640×426)

Return to Top ▲Return to Top ▲