Ауғандар сауапты амал жасады

Облыс орталығындағы ауған диаспорасы өкілдерінің саны саусақтай ғана. Өзгеше киімдерімен көзге түспей қоймайтын олар дінге берік. Бес уақытын қаза қылмайтын олар көбіне-көп «Қызылжар» орталық мешітінде бастарын сәждеге тигізуге ынталы.

«Қызылжар» орталық мешіті ораза бойы ұйымдастыратын ауызашар беруден сырт қалып көрген емес. Мешіттегі сәрсенбі күнгі ауызашарды солар өткізді. Жиналған жамағат үлкен асхананы лық толтырды. Әдеттегідей тегіс жиналған мұсылман диаспораларының жетекшілері ауғандықтарға тілектерін арнады.

ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық  мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы игі лебізін білдірді. «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы Рамазан айының қадір-қасиеті туралы уағыз айтты.

dsc06497 

dsc06496

dsc06502

dsc06491

dsc06493

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲