Алыс аудандағы мейрам

Уалиханов ауданындағы  «Қожахмет хазрет» мешітінде басталған айтта  аудан әкімі Аман Жақсыбайұлы Төрегелдин  жиналған жамағатты өткен рамазан айымен және рамазан айтымен құттықтады. 250ден астам жамағатқа айт намазын оқыды. Бұл күні небір шаралар ұйымдастырылды. Дойбыдан сайыс өткізіліп, үш жүлдегерді наиб имам Солтан Зейноллаұлы сыйлықтармен марапаттады. Одан соң  аудан мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мешіттің алдында сахна құрылып, әншілер ән айтып, шағын концерт берді. Ал мешіт асханасында Жантілеуовтар әулетінің қолдауымен тегін қымыз және мешіт атынан шай ұйымдастырылып, тәттілер мен жемістер қойылып, дастархан жайылды. Киіз үйлер құрылып, онда да дастархан жайылып, ас берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

IMG_6159 IMG_6155 IMG_6151 IMG_6168 IMG_6170 IMG_6162IMG_6167 IMG_6165

Return to Top ▲Return to Top ▲