Алматы қаласы мешітінің әйел-қыздар ұстаздарына «Халал» турасында оқу-семинар өтті

Алматы қаласы мешітінің әйел-қыздар ұстаздарына «Халал» турасында оқу-семинар өтті. Дәрісті ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның технолог маманы Шамшетова Адиля оқыды. Кездесуде Тағамдық қоспалар тақырыбында түрлі презентациялар мен роликтер көрсетілді.  Сонымен қатар, семинар барысында әйел-қыздар ұстаздары ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС әзірлеген Е тағамдық қоспаларының тізбегімен кеңінен таңыс болды.

Сондай-ақ семинар барысында негізгі мәселелер – «Халал бөлімінің ашылуы», «Халал және Харам түсінігі», «ҚМДБ тексерісінен өткен кәсіпорындар», «Халал стандарттар», «Зертхана» талқыланды.

Қорыта келе, қатысқан әйел-қыздар ұстаздары бұл семинарда Халал турасында білімдерін жетілдіріп, мазалаған сұрақтарына толыққанды жауап алды деп сеніммен айта аламыз.

Return to Top ▲Return to Top ▲