Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Сарапшылар кеңесінің IV мәжілісі өтті.
Жиынды ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды екенін, өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайтынын ерекше атап өтті. Аллаға шүкір, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дәстүрлі исламды насихаттауда, жастарды ізгілікке тәрбиелеуде өнімді еңбек етіп келеді. Сіздер де ортақ іске атсалысып, белсенділік танытып келесіздер. Алла разы болсын! Ендігі мақсат – жыл басында жоспарланған жұмыстарымызды жүйелі түрде жүзеге асыру» деді.
Мәжіліс жұмысында ҚМДБ-ның рухани, діни, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөлі, ҚМДБ-ның 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы, Республикалық және жергілікті ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған құжаттардың жобалары талқыланды. Сонымен қатар дін атын жамылып, қоғамда дінге қатысты түсінбеушілік тудырып жүрген жат діни ағымдардың әрекетіне тосқауыл қою, жастарды олардың идеологиясынан сақтандыру, қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу т.б. мәселелер талқыланды.
ҚМДБ ЖАНЫНДАҒЫ САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ IV МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
БАС МҮФТИ ОРАЗАҒА ОРАЙ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы оразаға орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында кәсіпкерлерге үндеу жасады.
«Осы ретте кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Жақсы амалдарыңыз өздеріңізге еселеп жақсылық болып қайтатынында күмән жоқ. Мұндайда халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демей ме?! Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде-кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді», – деген.
Осы сәтті пайдаланып, барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімді жеткіземін. Алла Тағала Рамазанның құрметі үшін жасаған жақсы ісіміздің себебімен баршамызды жақсылыққа кенелткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
ҚМДБ: БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 23 НАУРЫЗДА БАСТАЛАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді
ҚМДБ Төрағасы мұсылман үмметі үшін ұлық саналған Рамазан айы жайлы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді.
«Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
ҚМДБ: РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Рамазан айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті.
Алда келе жатқан Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында өткен мәжіліске наиб мүфтилер, Бас мүфти кеңесшілері, бөлім басшылары және облыс бас имамдары қатысты.
Жиында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасап, ұлық айда атқаратын жұмыстарды жүйелеп, тыңғылықты дайындық жасап, оразаның қадір-қасиетін жамағатқа көбірек насихаттауға шақырды.
«Рамазан – Алла Тағаланың мұсылмандарға берген ұлы сыйы, нығметі. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетін: «Бұл айда жәннат есіктері ашылады. Ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі», – деп сүйіншілеген. Біз, Рамазанда Хаққа да, халыққа да қызмет етеміз.
Рамазан айында адамдарға көп жақсылықтар және мүмкіндіктер беріледі. Бұл – шынайы құлшылық жасап, Алланың разылығын алуға, сонымен қатар халқымызға қызмет етіп, адамдардың алғысын алуға берілген үлкен мүмкіндік маусымы! Сондықтан өзімізге берілген міндеттер мен жауапкершілікті жанашырлықпен, ықыласпен, ихсанмен орындауымыз керек. Қасиетті айда Алланың разылығы мен халықтың алғысын алу баршамызға нәсіп болсын. Осы жолда Алла бәрімізге күш-қуат, рухани бірлік берсін!» деді Бас мүфти.
Бұдан кейін наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір садақасы, зекет, підияның биылғы мөлшері, Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Құран хатым оқу топтарын бекіту, қариларды мешіттерге бөлу, тарауық намазын өткізу, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Рамазан айында дәрістер, уағыз-насихаттарды көбірек ұйымдастыру, Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы оразада орындалатын медиа жоспар, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсат Қайырғалиев қайырымдылық іс-шаралары жайлы баяндама жасады. Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы Рамазан айында

