Жаназа оқылмайтын адамдар үкімі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Үлкен-кiшi, ер немесе әйел болсын әрбiр мұсылманға жаназа намазын оқу парыз. «Ат-Табиинде» жаназа намазы оқылмайтын адамдар қатарына төмендегілер жатқызылады:

1. Бүлікші, мұсылмандарға қарсы қару қолданып, соғыс ашқан кісілер;

2. Қарақшылық шабуыл кезiнде өлген тонаушылар және сол сияқтылар;

3. Ата-анасын өлтiргендер: оларға қорлық болу үшін жаназа оқылмайды. Абайсызда өзiн-өзi бiлмей өлтiрген адамды жуып, жаназа намазын оқу керек (мысалы жауды өлтiремiн деп абайсыздан өзiн өлтiрiп алған). Сол сияқты өзге дінге, сектаға кірген кісінің жаназа намазы оқылмайды және олар мұсылмандар зиратына жерленбейді.

Return to Top ▲Return to Top ▲