ӨЗГЕ ДІННІҢ ӨКІЛДЕРІНЕ ІЗГІ ТІЛЕГІН АРНАДЫ

Православ дініндегілер Пасха мерекесін тойлауда. Демалыс күндері Достық үйінде мереке құрметіне арнайы шара өтті. Өзге дін өкілдерін облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы да құттықтады. «Бұл мереке рухани құндылықтар дәріптелетін кезең. Елімізде бейбітшілік пен келісім орнаған. Биыл әлімдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 5-ші съезді өткелі отыр. Бұл Қазақстанның әлімдік аренда беделге ие екенін, сондай-ақ ынтымағы жарасқан мемлекет екенін айқындайды», деді бас имам өз сөзінде.

Пасха мерекесі жылда әр түрлі күндері атап өтіледі. Әйтсе де, ол ылғи жексенбі күніне түседі. 40 күн ораза тұтқан халық, тәтті тоқаштар пісіріп, жұмыртқаларды түрлі түске бояйды.

Return to Top ▲Return to Top ▲