Түс жоруда нені ескеру керек?

        Көпшілік адамның ойында «ислам дінінде түс жоруға болады ма, күнә емес пе?» деген сұрақ тұрады. Мысыр пәтуа орталығы түс жорып, оған діни тұрғыда үкім беретін адамның дін ғалымы секілді түс жоруға аса қабілетті болуы керек екенін жеткізген. Демек, дін негіздеріне қайшы келмей, өз маманына жүгіне отырып, адамдарға пайда тигізу мақсатында түс жоруға шариғат рұқсат берген. Алла Тағала Құранда: «Білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар,» – дейді («Әнбия» сүресі, 7-аят). Түс жоритын адам Аллаға иман еткен тақуа, Құран, хадис ілімдерінің білгірі, тілдің ауыспалы, тура мағыналарын ажырата білетін, түс көрген адамның ахуалы хабардар адам болуы тиіс.

        Түс үш түрге бөлінеді: шынайы түстер, шайтани түстер және жадыда сақталып қалған сыртқы ортаның әсерінен көрген түстер.

Алланың дінін жақсы білетін, хикметті сезініп, түсті дұрыс жори білетін адам аз. Ислам діні аясындағы түс жору жайлы үлкенді-кішілі кітаптар көп болғанымен, оны көп адам қолдана алмайды. Сондықтан түс жору барысында негізгі әдептерге сүйенген дұрыс. Ең маңыздысы – Құран аяттарына негіз арту. Құранға негізделген түсіндіру мысалын айтар болсақ, Арқан – келісім, серт. Алла Тағала Құранда: «Барлығың да Алланың желісіне мықтап жармасыңдар және өзара бөлінбеңдер» («Имран» сүресі, 103-аят) деп бұйырған.

            Сол секілді кеме, ағаш, тас, күл және басқа да түсіңізде көргендердің түсіндірмесін оқып біле аласыз. Сонымен қатар түс түрлерінің анықтамаларын біліп, ажырата алу үшін мақаланың жалғасын «Munara» газетінен оқи аласыз.

Return to Top ▲Return to Top ▲